Қазір кеншінің тұлғасы анықталып жатыр
«Қазақстан» шахтасында үшінші кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Үшінші кеншінің денесі табылды. Қазіргі кезде анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Марқұмның әріптестері, компанияның бүкіл ұжымы мезгілсіз қайтыс болған жолдастың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», - деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы.
Компания қаза тапқан кеншілердің отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетінін мәлімдеді. Көмекке мыналар кіреді:
Еске сала кетейік, 17 тамызда "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртенді.