Іле Алатауының тауларынан адасып кеткен үш жасөспірім табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Олармен байланыс үзілген

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 15 тамызда тауға шығып, кейін байланысқа шықпаған жасөспірімдер тобын іздеуге шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абырой болғанда сағат 08:25-те ТЖМ құтқарушылары Күмбел шыңынан балаларды аман-есен тауып алды.

Төтеншеліктер тауға шығар алдында таудағы қауіпсіз жүріс-тұрыс шараларын мұқият зерттеу керектігін ескертеді.