Әйелге этникалық виза берілгені мәлім болды
СІМ-нің ресми өкілі Оңтүстік Кореяда автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған 50 жастағы қазақстандық әйел туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Айбек Смадияров әйелдің онда ұзақ уақыт тұрып жатқанын және бизнеспен айналысатыны туралы хабарлады.
«Оған этникалық виза берілген. Ол этникалық корей болып саналады, ол ұзақ уақыт бойы жұбайымен сонда бірге тұрады, бірақ 2020 жылдан бастап мамандандырылған ауруханада стационарлық ем қабылдады. Келеңсіз жағдай сол дәрі-дәрмектердің кесірінен болуы мүмкін. Ол сол жақта күрделі емдеуден өтеді. Консул жақын күндері оған баруы керек, біз оны бақылауда ұстаймыз», - деді ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров.
Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Кореялық БАҚ бұған дейін Сеулде 50 жастағы қазақстандық жедел жолға шығып, келе жатқан автобусқа бөгет жасағанын хабарлаған болатын. Жүргізуші автобустан шыққан кезде пышақпен оған шабуыл жасап, білегін жарақаттады. Әйел ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.