Коронавирусты анықтайтын тегін тест Қазақстанға қашан келеді?

Автор: Azattyq Rýhy

Тест алдымен дәрігерлерге таратылады

Коронавирусты анықтайтын 266 мың тест Қазақстанға 27-ші наурыз күні келеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«266 мың тест 27-ші наурыз күні Алматы қаласына келеді. Олар кедендік және валидация процедурасынан өтіп, шамамен 29-шы наурыз күні бірінші кезекте дәрігерлерге таратылады. Бұл тегін тесттер. Бүгінгі таңда COVID-19  анықтау мақсатында 15 мыңнан астам тест алынған. Қазір күніне шамамен 1000 тест жүргізлуде. Сол себепті біз бұл жұмысты жалғастырамыз», - деді Дәурен Абаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

Оның айтуынша, дәл қазір Қазақстанда коронавирус инфекциясын анықтай алатын 60 мың тест бар.