Семейлікті интимдік фото үшін бір миллион теңгеге бопсалаған күдікті ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Абай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығының тұрғынын ұстады, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Ол шілде айының ортасынан бастап танысының интимдік фотоларын таратамын деп, 1 млн теңге бопсалап келген.

«Тергеу әрекеттері барысында 150 000 теңге тәркіленді. Күдіктінің әрекеттері 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны көздейтін ҚР ҚК 1-бөлігінің 194-бабы "Бопсалау" бойынша сараланады», - деп хабарлады Абай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқарма бастығының орынбасары Әсет Шахантаев.