Павлодарда өрт кезінде ер адам ысты газдан уланып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр

Фото: pavlodarnews.kz

Павлодарда өрт кезінде ер адам ысты газдан уланып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy jблыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 тамызда сағат 18:54-те Катаев көшесі, 34 мекенжайында екінші қабатта орналасқан пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына сегіз техника, 22 өрт сөндіру қызметінің қызметкері және апаттар медицинасы орталығының үш қызметкері шықты. Пәтерде 15 шаршы метр аумақта үй заттары мен жиһаздар өртенді», – дейді департаментте. 

Тілсіз жау сағат 19:32-де жойылды. 1978 жылы туған пәтер иесі «жану өнімдерімен улану» диагнозымен ауруханаға жатқызылды.