Алматыда ер адам таныс әйелді пышақтап өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен

Автор: Аягөз Құрмаш

Қылмыс Алматының Түрксіб ауданында болған

Фото: depositphotos

47 жастағы ер адам танысымен жанжалдасып, оны қызғаныштан пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Бірнеше сағаттан кейін күдіктіні Түрксіб аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады.

«Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 99-бабымен тіркелген қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды», - деп хабарлады қалалық департаментте.