Жамбыл облысында жоғалып кеткен 46 бас жылқы табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Малдарды ешкімнің ұрламағаны анықталды

Жуалы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 47 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, 46 бас малының ұрланғаны туралы хабарлаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бес көлікке мінген 14 полиция қызметкері жайылымда жоғалған жылқыларды іздеп, жақын маңдағы барлық аумақтарды тексеріп, малдардың ізін «көруі мүмкін» деген куәгерлерден де сұрастырды.

«Нәтижесінде полиция қызметкерлері ешкім ұрламаған малды іздеумен айналысқаны белгілі болды, олар жай жоғалып кеткен болып шықты. Жылқылар жайылымның басқа жақ бетінде жайылып жүрген жерінен табылды. Полиция қызметкерлері малды заңды иесіне қайтарды», - делінген хабарламада.