Құзырлы органдар қазіргі уақытта «Дроппер» деп аталатын алаяқтардың түрі қарқын алып жатқанын хабарлайды
Көкшетауда 80 жастағы қала тұрғынының ақшасын алдап, иемденіп алған алаяқ азаматқа қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақмола облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.
Зейнеткерге келінінің жол апатына ұшырғаны туралы жалған әңгіме айтып, бұл мәселені шешеміз деген сылтаумен оның 6 млн теңге ақашасын иемденіп алғаны анықталды.
«2023 жылдың 21 шілдесінде сот азамат «К»-ны 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Қазіргі уақытта «Дроппер» деп аталатын алаяқтардың түрі қарқын алып жатқанын хабарлаймыз. Схеманың мәні мынада, шабуылдаушылар телефон арқылы қоңырау шалып, туыстары апатқа және басқа да қиын өмірлік жағдайларға түскенің айтып, ақшамен көмек сұрайды. Осыған орай, қала прокуратурасы сақ болуды және алаяқтардың айласына түсіп қалмауды шақырады», - делінген хабарламада.