Талдықорған маңындағы тас жолда жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Ауруханаға барар жолда 61 жастағы тұрғын алған жарақаттарынан көз жұмд

Фото: Polisia.kz

Талдықорған маңындағы тас жолда жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл факті 8 тамызда Талдықорған маңында Алматы – Өскемен тас жолының 272-шақырымында MAN автокөлігінің қатысуымен тіркелді. 61 жастағы облыс орталығының тұрғыны жүк көлігінің астына түсіп, ауруханаға жеткізу кезінде алған жарақаттарынан көз жұмды.

Жаяу жүргінші жүк көлігінің артында тұрғанда, жүргізуші оны байқамай, басып кеткен. Оқиғаның мән-жайын Талдықорған полициясы анықтап жатыр.

Осы жылы облыстың автожолдарында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 52 жол-көлік апаты тіркелді. Салдарынан 17 адам қаза тауып, 69 адам түрлі жарақат алды.

Полиция азаматтарға жол бойында жауапкершілікті күшейтуді талап етеді.