Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 67 адамға жетті

Автор: Azattyq Rýhy

24 наурыз сағат 10:40-дағы жағдай

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 34 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, жалпы 67 науқас тіркелді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, коронавируспен күресу мақсатында елімізде 16 наурызда төтенше жағдай енгізілді. Ал, 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин жарияланды.