24.03.2020, 10:13
Оқиғалар
Польшадан 207 қазақстандық елге оралды
Басым бөлігі студенттер
Азаматтық авиация күшімен отандастарымызды қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында 207 қазақстандық аман-есен елге оралды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілгінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Арнайы чартерлік рейсті екі елдің авиациялық биліктері мен Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшілігінің қолдауымен Scat әуе компаниясы орындады.Айта кету керек, жолаушылардың басым бөлігі ұшуын бірнеше күн бойы күткен Еуропада оқитын қазақстандық студенттер», - делінген хабарламада..
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Польша коронавирус пандемиясының таралуына қарсы тұру үшін өз елінің шекарасын жауып, халықаралық әуе тасымалдарын тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 08:26
Тірідей өртеніп кеткен: Шымкентте бензовоз жүргізушісінің өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
