Словения өзінің жаңа тарихында ең үлкен табиғи апатқа тап болды

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет НАТО мен ЕО көмек сұрауға мәжбүр

Словенияда 24 сағат ішінде бір айдың нормасына сай жауын-шашын жауды. Толассыз жаңбырдың арты су тасқынына ұласты. Жергілікті биліктің айтуынша, бұл елдің жаңа тарихындағы ең ірі табиғи апат, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Толассыз нөсерден туындаған су тасқыны кем дегенде төрт адамның өмірін қиды. Табиғи апаттың шығыны 500 миллион еуродан асады деп болжануда.

Ауа-райының қолайсыздығы словениялықтар үшін нағыз сынақ болды. Оңтүстік Еуропа елінде бір айлық жауын-шашынның нормасы жауды. Оның аумағының үштен екісі су тасқынынан зардап шекті. Көптеген ғимараттар су астында қалды. Жолдар мен көпірлер бұғатталды. Ондаған мың үй электр қуатынсыз қалды.

«Келтірілген залалдың сомасы аз емес, өйткені Словенияның үштен екісі зардап шекті және қалыпты өмірге оралу  үшін біраз жұмыс жасау керек», - деді Словения Премьер-министрі Роберт Глоб.

Мыңдаған адамдар эвакуацияланды, олардың көпшілігін тікұшақтар және қайықтардың көмегімен жедел жәрдем қызметкерлері құтқарды.

Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен Словенияға ЕО тарапынан көмектесуге уәде берді. Сондай-ақ Словения Үкіметі НАТО-ға әскери тікұшақтар мен жиналмалы көпірлер жіберу жөнінде көмек сұрап жүгінді.