Өскеменде жасөспірімді зорлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде пайда болды

Фото ашық дереккөзден

Өскеменде15 жастағы қызды зорлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq rýhy YK-news-ке сілтеме жасап.

Полиция департаменті зорлау фактісін растады. Онда күдіктінің ұсталғанын атап өтті.

«Өскемен ПБ Ертіс полиция бөлімімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот сараптамалары тағайындалды. Істің мән - жайларын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады полициядан.

Сондай-ақ, полиция қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейтінін атап өтті.