Ол 9 жылға сотталды
Құқық қорғаушы Дина Таңсәрі көктемде Павлодарда болған сұмдық оқиғаның жалғасы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл іс бойынша сот үкімі шықты.
«Байтеков Арман бұрынғы әйелін 12 жасар ұлы мен 7 жасар қызының алдында салмағы 8 кг болатын гантельдермен ұрған. Зардап шегуші екі литр қан жоғалтып, өліп кете жаздады. Қазір әйел мүгедек болып қалды, дәрігерлер оның аман қалатынына да үміттенбеді. Әйел 8 күн комада болды, дәрігерлердің арқасында ол аман қалды. Ал қазір туыстарының қамқорлығының арқасында аяққа тұрды», - деп жазды құқық қорғаушы әлеуметтік желіде.
Оның айтуынша, ер адам 9 жылға бас бостандығынан айырылған.
Тақырыпқа орай: «Әкесі балаларының көзінше анасын ұрып өлтіре жаздады»: Дина Таңсәрі Павлодардағы сұмдық оқиға жайлы