Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт ұлғаятын уақыт алда – Абаев

Автор: Azattyq Rýhy

Ақпарат және қоғамдық даму министрі төтенше жағдай бір айда тоқтайды деген үмітін білдірді

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, коронавирус инфекциясына байланысты, Қазақстандағы жағдай туралы ақпарат беруге уәкілетті болған Ақпарат және қоғамдық даму министрі бүгін төтенше жағдайға қатысты болжамын жария етті.

«Төтенше жағдай ұзаққа соылып кетуі мүмкін бе деген сұрақ бар. Дәл қазір бұл сұраққа нақты жауап беретін жағдайда емес екенімізді мойындау керек. Дәрігерлердің айтқанынан қаншалықты дәл әрі бұлжытпай орындасақ, төтенше жағдайда да соншалықты тез тоқтайды. Біз коронавирус жұқтырған адамдардың саны күрт ұлғаятын уақыт әлі алда деп болжап отырмыз. Одан кейін олардың саны азаяды. Бір айдың ішінде деген үміт бар», - деді Абаев.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Cұлтан