ШұғылӨңірлерде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты – Біртанов

Қазақстанда коронавирусты анықтайтын қанша тест бар

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бүгін коронавирусты анықтайтын тест санын атады

Оның айтуынша, дәл қазір Қазақстанда коронавирус инфекциясын анықтай алатын 60 мың тест бар. Жуық арада шамамен 250 мың тест қолданысқа беріледі деген болжам бар. Айта кетейік, Дәурен Абаев тікелей эфирге дейін журналистерден келген сұрақтарға жауап бере отырып, осы мәліметтерді жария етті.

«Бірнеше редакция елімізде коронавирусты анықтайтын тест бар ма деген сауалын жіберіпті. Соған тоқтала кетейін. Қазір елімізде коронавирусты анықтайтын 60 мың тест бар, алдағы күндері тағы да 150 мың тест сатып әкелеміз. Тиісті келісімшарттарға қол қойылғалы жатыр. Одан кейін демеушілердің ақшасына тағы 100 мың тест сатып аламыз. Коронавирусты анықтайтын тест халыққа тегін таратылады», деді Дәурен Абаев.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

Сұхбат
Малайзиядан  29 наурызда елге оралған туристің хикаясы
Ешқандай әскери дайындықта болмаған азаматтар шақырылып жатқан жоқ
Карантинде отырған азаматтарға психолог кеңесі