Төбелеске үлкен балалардың ақша талап етуі себеп болған
Алматы облысындағы Бәйдібек би (бұрынғы Маловодное) ауылында мектеп оқушылары арасында төбелес болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желідегі жазбаға сүйенсек, төбелеске үлкен балалардың ақша талап етуі себеп болған.
«Төбелес кезінде 17 жастағы бір жасөспірім қайтыс болды. Кейбір мәліметтер бойынша төртеуі түрлі жарақат алып, ауыр халде жатыр», - делінген жазбада.
Бейнежазбадан жаппай төбелес кезінде оқ атылғанын да анық естуге болады.