Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Талдықорған қаласында мотоциклші орталық көшеде жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Жетісу облыстық полиция депаратментіне сілтеме жасап.
Департамент мәліметінше, жол апаты 4 тамыздан 5тамызға қараған түні Назарбаев даңғылында болған. Мотоцикл тізгіндеген жігіт 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Honda CBR 600FA маркалы мотоциклді 32 жастағы ер адам тізгіндеген. Ол жолаушының рұқсат етілмеген жерден өткенін мәлімдеді.
«Түрлі дене жарақатын алған жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер барын салғанымен, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.