ШҚО-да жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 4 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында тасжолда жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 4 адам қаза тапты. Оның біреуі – 2023 жылы туған сәби. Бұл туралы  Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол апаты 3 тамызда Күршім ауданының аумағында болған.

«Күршім – Қалжыр» тасжолының 99-шақырымында  Nissan Teana маркалы автокөлік пен КамАЗ соқтығысты. Салдарынан жеңіл көліктегі 4 жолаушы, оның ішінде 2023 жылғы сәби сол жерде көз жұмды», - делінген хабарламада

Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.