23 наурыз, сағат 13.50-дегі жағдай
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 32 адам, Алматы қаласында – 26 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, жалпы 62 науқас тіркелді», деліген хабарламада.
Айта кетейік, коронавируспен күресу мақсатында елімізде 16 наурызда төтенше жағдай енгізілді. Ал, 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин жарияланды.