29.07.2023, 06:24
Оқиғалар
Астанада рестобарлардың бірінде даяшы қонақтардың 440 мың теңге қаражатын жымқырған
Қазіргі уақытта рестобар қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Фото ашық дереккөзден
Астанада рестобарлардың бірінде даяшы қонақтардың 440 мың теңге қаражатын жымқырған, деп хабарлады Polisia.kz.
32 жастағы рестобар даяшысы алаяқтық жолмен 440 мың теңге көлеміндегі қаражатты иемденіп алған.
«Ол келушілерге қызмет көрсету кезінде өзінің жеке мобильді банкинг арқылы төлем алғаны анықталды. Полицияға хабар берген әкімшілік қызметкері алаяқты байқамайынша, даяшы бір ай бойы клиенттердің ақшасын жымқырып келген», - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта рестобар қызметкеріне қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды