Бұл демалыс орны «Таза Өскемен» коммуналдық мекемесіне қарайды
Өскемен қаласындағы Арбатта баланың үстіне арт-құрылымның құлап кетуіне байланысты тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 26 шілде күні сағат 22.00 шамасында болған. Қаладағы Арбатта ойнап жүрген бала жарақат алды.
Белгілі болғандай, ол арт-құрылымды әткеншек ретінде пайдаланған. Соның салдарынан дөңгелек пішінді құрылым сынып кетеді. Бұл демалыс орны «Таза Өскемен» коммуналдық мекемесіне қарайды. Мекеме өкілдері «құрылым сән мақсатында тұрғандығын, оған отырып, тербелуге болмайтынын» мәлім етті.
ШҚО полиция департаментінің дерегінше, аталған факті бойынша қала тұрғынынан шағым түскен, деп жазды ҚазАқпарат.
«Аталған оқиғаға қатысты арыздың белгіленген тәртіппен тіркелгенін, соған қатысты тексеру жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлаймыз. Тексеру қорытындысына сәйкес түпкілікті заңды шешім қабылданады», - делінген ПД хабарламасында.