Ол осы әрекеті арқылы сот үкімімен келіспейтінін көрсетпекші болған
Бүгін Астанада Министрліктер үйі маңындағы көпірден секірмек болған әйелдің әрекетіне қатысты елордалық ПД түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мән-жайды анықтау барысында әйел бұл әрекетімен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен келіспейтінін көрсетпекші болған. Биыл 6 сәуірде сот органы ҚР Қылмыстық кодекстің 191-бабының 2-бөлігі (Тонау) және 192-бабының 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша соттаған кәмелеттік жасқа толмағандардың бірі оның ұлы екені анықталды. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті бұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы бойынша (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген ПД хабарламасында.
Еске сала кетейік, бүгін 12:20 шамасында елордалық әйел Астанада Министрліктер үйі маңындағы көпірден секірмек болды.