17 жастағы жігіттің жеке тұлғасы анықталып жатыр
Екібастұздағы жарылыс болған автогаз орнына жас жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Павлодар облысы ТЖД ақпараты бойынша өрт сөндірілген.
«26 шілдеде сағат 13:24-те Екібастұз қ.Қонаев 5 көшесінде орналасқан АГҚБ газ құйылған 4 резервуар жанды. Сондай-ақ оқиға орнында шамамен 40 газ баллон болған», - делінген хабарламада.
Өрт жақын маңдағы «Феруза» азық-түлік дүкеніне өтіп, шамамен 200 шаршы метр аумақтағы шатыр, сондай-ақ 20 шаршы метр аумақтағы су мұнарасының шатыры өртенген.
«Сағат 15:22-де цистернаның жанынан жас ер адамның денесі табылды. Марқұмның жеке тұлғасы анықталып жатыр», - деп атап тті ТЖД өкілдері.
Өрт сағат 15:00-де оқшаулауланып, 15:44-те сөндірілді.
«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жеке сектор жолдың арғы жағында 100 м-ден астам қашықтықта орналасқан. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ», - делінген хабарламада.
Еске салайық, бүгін Екібастұздағы автогаз құю бекетінде жарылыс болып, соңы өртке ұласқан болатын.