Астанада көпірден секірмек болған әйел құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға орнына құтқарушылар тобы келді

Елорданың сол жағалауындағы көпірдің төбесіне шығып алған әйел жерге түсірілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әлеуметтік желілерде министрліктер үйінің жанындағы көпірдің төбесіне шығып алған әйелдің видеосы тарады. Кадрлардан әйелдің қауіпті жерде отырғанын көруге болады.

Оқиға орнына бірден тәртіп сақшылары мен құтқарушы мамандар жеткен. Сондай-ақ, жедел-жәрдем қызметі де шақырылған.

Құтқарушылар тобы әйелдің көпірден секіруіне жол бермей, қайғылы жағдайдың алдын алды.