Грузиядан Қазақстанның 143 азаматы ұшып келді

Автор: Azattyq Rýhy

Сырт елдерде 5 мыңнан аса қазақстандық жүр

Коронавирус пандемиясынан әлемдегі қолайсыз жағдайға байланысты бүгін түнде Тбилисиден Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің қолдауымен еліміздің 143 азаматына ұшу рейсі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Сыртқы істер минитстрлігі.

«Жолаушыларды рейске тіркеу және отырғызу барысында азаматтарымыз сабырлық сақтағанын атап өтеміз. Кедендік және шекаралық бақылау рәсімі кедергісіз өтті. Жолаушылар рейстің кешігуіне түсіністікпен қарап, чартерлік рейстің ұйымдастырылуы үшін алғыс білдірді», -делінген хабарламада.

Кеше Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов сырт елдерде жүрген 5 мыңнан аса қазақстандықты елге әкелу мемлекет есебінен жүргізілмейді,олар «Туристік Қамқор» корпоративтік қоры есебінен елге оралуы мүмкін деген болатын.

Еске салcақ, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны  52 адамға жетті Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 28 адам, Қарағанды қаласында -  2 науқас тіркелді.