Құтқарушылар зардап шегушіні 600 метр биіктіктен түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды
Бурабай курортында тауға көтерілген түркістандық әйел аяғын шығарып алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жазатайым оқиға Көкше тауында болған.
«Түркістан облысынан келген 50 жастағы әйел «Көкше» тауынан түсіп келе жатқанда аяғы тайып, буынын шығарып алды. Шақыру орына дереу Бурабай кентіндегі №7 құтқару жасағының құтқарушылары барды. Құтқарушылар зардап шегушіні 600 метр биіктіктен түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды», - делінген хабарламада.
Осы ретте, өңірдің ТЖД қызметкерлері демалушыларды тауға, табиғат аясына шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.