Шымкентте 10 жастағы бала субұрқаққа шомылуға түсіп көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған фактіге қатысты полиция департаментімен сот медициналық сараптамасы тағайындалды

Шымкентте ата-анасының қарауынсыз қалған бала субұрқаққа түсіп, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«24 шілде күні сағат 19-30 да Департаменттің дағдарыс жағдайлар басқармасына хабарлама келіп түсті. Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Н.Назарбаев даңғылында орналасқан субұрқақта ата-анасының қарауынсыз қалып, 2013 жылғы ер бала суға шомылған, оқиға орнында қайтыс болған. Қазіргі таңда Полиция департаментімен сот медициналық сараптамасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Департамент ұсынған деректерге сүйенсек, қала аумағында жалпы 32 субұрқақ бар. Оның 25-і жұмыс істеп тұр. Субұрқақтар Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасының меншігінде.

Қала аумағында суда демалуға арналған 5 ресми орын белгіленген, оның ішінде үшеуіне шомылуға рұқсат етілген.