БҚО-да көлік жылқыға соғылып, бір адам қаза тапты

Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

БҚО-да көлік жылқыға соғылып, бір адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында автокөлік жолға жүгіріп шыққан жылқыға соғылып, соның салдарынан жоалушы әйел көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мой город» порталының жазуынша, қайғылы жол-көлік апаты 20 шілдеде Самара-Шымкент тасжолының 415-ші шақырымында болған.  

«Сағат 22.45 шамасында 1984 жылы туған жүргізуші Nissan Tiana көлігін жүргізіп келе жатып, жолға  шығып кеткен атқа соғылған. Оқиға салдарынан 1983 жылы туған жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген ПД таратқан хабарламада.

Полицейлердің мәліметінше, көліктің жүргізушісі мен жолаушысы – Ақтөбе облысының тұрғындары.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазір полицейлер жылқының иесін іздестіріп жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.