Әуе компаниясының қызметкерлері оны полицияға тапсырды
Ұшақ бортында темекі шеккен Қытай азаматына айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Алматы – Көкшетау бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Qazaq Air әуе компаниясының өкілдері құқық бұзған жолаушыны Көкшетау қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне берді.
«Полиция қызметкерлері ұшақ бортында темекі шеккен ҚХР-ның 48 жастағы азаматын анықтады», - делінген полиция хабарламасында.
Аталған факт бойынша шетел азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-бөлігімен 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.