Қалалық штаб COVID-2019 ошағы аймағында ішкі карантин енгізді
Алматы қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі қалалық штабтың отырысында ағымдағы жылдың 19 наурызында COVID-2019 ошағы аймағында ішкі карантин енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Ағымдағы жылдың 20 наурызындағы жағдай бойынша Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырған 22 жағдай тіркелді. Барлығы зертханалық түрде расталды. Алматы қаласы аумағындағы эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша COVID-2019-дың 10 ошағы анықталды», - делінген хабарламада.
Ішкі карантин енгізілетін орындар:
Жалпы инфекция 1-1,5 метр қашықта тұрған науқас адамның сөйлеуі, түшкіруі мен жөтелі арқылы беріледі. СОVID-2019 індетін жұқтырған адам отбасындағы, жұмыстағы, қоғамдық көлікте, қонақта және басқа да қоғамдық орындарда айналасындағыларды тек тығыз байланыста болу арқылы жұқтыруы мүмкін. COVID-2019 вирусының қоршаған ортада төзімділігі төмен болғандықтан 1 сағаттан артық өмір сүре алмайды. Сол себепті, COVID-2019 жұқтырған науқаспен тығыз байланыс орнатпаған үйлер мен пәтерлерді карантинге жабудың қажеті жоқ.
«Ошақ аймағында орналасқан үйлердің тұрғындары сыртқа тек қажеттілігі бойынша және медицина мен полиция қызметкерінің бірге барып келуімен жіберіледі. Барлық азық-түлік дүкендері мен дәріханалар күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық жағдайда жұмысын жалғастыруда. Сонымен қатар, аудан әкімдіктері халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуде. Ошақ аймағында орналасқан тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде»,- деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.