$ 516.91  586.33  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.07.2023, 17:17
Оқиғалар

«100 мың рубль сатып алмақ болған»: Қостанай облысының тұрғыны алаяққа алданды

Ол валютаны онлайн сатып алуды көздеген

«100 мың рубль сатып алмақ болған»: Қостанай облысының тұрғыны алаяққа алданды

Б. Майлин ауданының полиция қызметкерлері What’s App мессенджерінің көмегімен жасалған алаяқтық фактісін ашты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан орталығының тұрғыны полицияға ақша айырбастау кезінде алаяқтардың арбауына түсіп қалғаны туралы арызбен жүгінген. Азаматша Ресейге демалысқа бармақ болған. Теңгені рубльге айырбастау үшін ол банкке барған. Бірақ банктегілер қажетті сома болмағандықтан күту керектігін айтқан.

Әйел процесті тездетуге шешім қабылдап құрбысының кеңесі бойынша What’s App-желісіндегі  «рубль сатып аламын» деген атауы бар топқа қосылған. Мұнда ол есімі белгісіз адаммен байланысқа шығып, тиімді бағам бойынша 100 мың рубль сатып алуға келісті. Әрі қарай, қарапайым нұсқаулыққа сүйене отырып, ол қажетті соманы белгісіз картаға теңгемен аударып, көрші мемлекетте тұратын қызының картасына жауап ретінде ақша түсуін күте бастады.

«Жәбірленуші полицияға жүгінгеннен кейін бірден 190-бап 4-бап ҚР ҚК "Ақпараттық жүйелердің көмегімен жасалған алаяқтық"бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қажетті жедел-тергеу және іздестіру іс-шараларын жүргізгеннен кейін анықталды. Ол Қашар кентінің тұрғыны болып шықты. Күдікті 390 мың теңгеден астам соманы иемденіп алған» - деп түсіндірді аға тергеуші Евгений Обертынский.

Қазіргі уақытта қылмысты жедел ашқаны үшін полицияға алғыс білдірген жәбірленушіге ақша қайтарылды.

Тергеу барысында әйел кірген чаттың өзінде алаяқтардың әрекеттері туралы бірнеше рет айтылғандығы анықталды. Бірақ жәбірленуші бұл ақпаратты ескермеген.

Серіктес жаңалықтары