Алматы облысында 8 жастағы қызды көлік қағып, оқушы аяғынан айырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Көлік тізгігінде 25 жастағы жігіт болған

Алматы облысының Абай ауылында 16 шілде күні Lexus көлігі жол ережесін өрескел бұзып, 53 жастағы әйелді және оның жанындағы 8 жастағы қызын қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Пятый регион сайтына сілтеме жасап.

Апат салдарынан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, дәрігерлер баланың аяғын кесу туралы шешім қабылдаған.

Жәбірленушілердің туыстарының айтуынша, 25 жастағы жүргізушіден жүргізуші куәлігі алынып, босатылды.

«Әрі қарайғы әрекеттер сот процесінде болады», - деп бөлісті қыздың өкіл әкесі.