Қайғылы оқиға 11 шілдеде болған
Семей қаласында ер адам Ертіс өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 11 шілдеде Ертіс өзенінің «Пристань» қалалық жағажай ауданында болған.
«Куәгерлердің айтуынша, 1998 жылы туған ер адам жағада демалып, мас күйінде шомылуға барған. Бір мезетте көзден ғайып болғаны белгілі болды. Дереу іздеу-құтқару жұмыстары басталды.
Бір сағат ішінде құтқарушылар ер адамның жансыз денесін тапты», - делінген хабарламалада.
Іздеу жұмыстарына барлығы жеке құрамнан 4 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылды.
ТЖД өкілдері демалушылар қауіпсіздіктің қарапайым талабын елемейтіндіктен, қайғылы жағдайлар болып жататынын ескертеді.
Абай облысы ТЖД облыстың барлық тұрғындары мен қонақтарына судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы еске салады.
Әр адам келесі ережелерді білуі керек: