ШҚО-да бір күнде екі бірдей қайғылы жол апаты болды

Автор: Azattyq Rýhy

Жол апаты салдарынан 3 адам қаза тапты

Фото: polisia.kz

ШҚО-да бір күнде адам шығынына алып келген 2 жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 9 шілде болған.

«Сағат 11:50 шамасында Омбы – Майқапшағай тасжолының 1247-шақырымында Кенсай және Жарсу ауылдарының қиылысында болған жол апатынан 6 жасар бала қаза тапты.

Келесі жол апаты сағат 13:30 шамасында Өскемен – Рахман қайнарлары тасжолының 53 шақырымында болып, соның салдарынан екі адам қаза тапты. Бірнеше жолаушы дене жарақатын алды», - делінген хабарламада.

Екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

«Құрметті жүргізушілер, полиция департаменті сіздерді жол жүрісі қағидаларын, жылдамдық режимін қатаң сақтауға және көліктеріңіздің жарамдылығын бақылауға алуға шақырады», - дейді тәртіп сақшылары.