Іле-Балқаш резерватындағы өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасуда

Автор: Azattyq Rýhy

Елді мекендерге қауіп жоқ

Фото ашық дереккөзден

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Іле-Балқаш резерватындағы өртті сөндіруге 22 адам, 8 техника жұмылдырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2023 жылғы 6 шілдеде сағат 21:00-де Алматы облысының ТЖД Қараой ауылынан 30 шақырым жердегі Қараой ауылдық округінде «Іле-Балқаш» МТР» РММ аумағында қол жетімділігі қиын, батпақты, жолсыз жерде қамыстың жануы орын алғаны туралы хабарлама түсті.

«Резерват басшылығының ақпараты бойынша өрт аумағы анықталады. «Іле-Балқаш» МТР» РММ және Алматы облысы ТЖД 22 адам мен 8 техника күшімен өрт ошақтарын жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Елді мекендерге қауіп жоқ», - делінген ТЖМ таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, 6 шілдеде Қараой ауылынан 30 шақырым жерде басталған қамыс өртін сөндіруге 16 адам, 8 техника, 2 мотопомпа, 1 жүзу құралы және 1 ҰҰА жұмылдырылғаны хабарланды.