ШҚО-да таудағы өртті сөндіру үшін тікұшақпен су төгіліп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Адам аяғы жетуі қиын жердегі өрт сөндіру қиындап барады

Фото: ШҚО әкімдігі / мұрағат

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Ұлан ауданы Асубұлақ орман шаруашылығының аумағында таулы, қол жетпейтін жерлерде құрғақ шөптер мен бұталар өртенді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық ТЖД мәліметінше, өрт 3 шілдеде тұтанған.

«Елдімекендерге қауіп жоқ. Өрттің жердің таулы, жартасты, жетуі қиын орында болуы сөндіруді қиындатып жатыр.  

МИ-2 және МИ-8 тікұшақтарымен орманшылар мен өрт сөндірушілер жасақтары жану орнына жеткізілді», - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге ШҚО әуе бөлімшесі мен «Қазавиақұтқару» АҚ су ағызатын құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылып, ол 13 рет су төкті.

Өрттің алдын ала ауданы шамамен 6 гектарды құрайды.

«Өртті сөндіруге орманшылардан, өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардан 180-қа жуық адам, 23 техника, Шығыс Қазақстан әуе бөлімшесінің 2 тікұшағы «Қазавиақұтқару» АҚ-ның 2 тікұшағы жұмылдырылған», - делінген хабарламада.

Тегтер: