Оның жоғалып кеткені туралы арызбен ағасы полицияға жүгінге
Қостанай облысында хабар-ошарсыз кеткен тұрғынның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 58 жастағы әйел 30 маусымда үйінен шығып кеткен. Оның жоғалып кеткені туралы арызбен ағасы полицияға жүгінген.
«Полиция қызметкерлері, Қостанай облысы бойынша ТЖД, ҚР ҰҚК шеқара қызметі мен және еріктілермен бірлесіп дереу іздеуге кірісті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасағаны туралы мойындаған күдікті ұсталды.
Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде ол жоғалған әйелдің мәйітінің жерленген жерін көрсетті», - делінген хабарламада.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.