200 гектар аумақтағы қамыс өртеніп кетті
Абай облысына қарасты Көкпекті ауданында қамыс өртенді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес, өрт кеше сағат 11.00 шамасында болған.
«Көкпекті ауданы Үлгілі-Малшы ауылынан 50 шақырым жерде қамыс өртенді. Оқиға орнына қарауылдау жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бейінді қызметтерінің өкілдері дереу шықты», - делінген хабарламада.
Өрт шамамен 200 гектар жерге тараған.
«Елдімекендерге қауіп жоқ. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.
Үлгілі-Малшы ауылдық округі әкімдігінің ақпараты бойынша Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдарының тартылуы қажет емес.