Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 37-ге жетті
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясы бойынша 2020 жылдың 19 наурызы сағат 08.00-дегі Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты ақпарат таратты. Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырған 37-ші адам анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматыда тағы бір адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.
«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, жалпы 37 науқас тіркелді», - делінген министрлік хабарламасында.
Еске салайық, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды. Ал, бүгін, 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин енгізілді