Қайғылы оқиға 30 маусымда Саркан ауданында болған
Жетісу облысында егде жастағы жүргізуші адам өліміне әкелген жол апатына түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 30 маусымда Саркан ауданында болған.
«Volkswagen Polo көлігін 73 жастағы ер адам басқарған. Ол Алматы-Өскемен тасжолының 462 шақырымында рөлге ие бола алмай қалып, көлік аударылып кеткен. Соның салдарынан 33 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.
Зардап шеккен екінші жолаушы қарт жүргізушімен бірге Сарқан аудандық ауруханасына жатқызылды.
Қазіргі кезде ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары басталды.