Ол қоршаудан секірмек болған
Екібастұзда жасөспірімнің білегін арматура тесіп өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап,
25 маусымда сағат 23:40-та 2008 жылы туған жасөспірім темір қоршаудан секірмек болғанда білегін арматура тесіп өткені туралы хабар түскен.
«Шақыру орнына келген құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен қоршау шыбығын кесіп, жасөспірімді босатып, жедел жәрдемге тапсырды», – деді департаментте.
Оқиға орнында екі құтқарушы мен бір техника, сондай-ақ «102» қызметінің қызметкерлері жұмыс істеді.