Қайғылы оқиға 25 маусымда болған
Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші әйел қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 25 маусымда болған.
«Сағат 17:30-да Астана – Шідерті автожолының 252 шақырымында Mercedes автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, аударылып қалып, оқиға орнында қаза тапты», - делінген хабарламада.
Жол апатынан зардап шеккен кәмелетке толмаған екіа жолаушы ауруханаға жеткізілді.
«Автокөлік айып тұрағына қойылды. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр», - делінген ПД хабарламасында.