Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген видеоны әлеуметтік желілерде жариялады
Екібастұзда әйел адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Instagram әлеуметтік желісіндегі ekibasvteme паблигінде Бауыржан Момышұлы көшесінде екі жол-көлік оқиғасы болғанын және бір жағдайда адамды көлік қағып кеткенін хабарлады.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, апат орнына шақыру 22 маусымда сағат 12:03-те түскен.
«103» бригадасы екі минуттан кейін оқиға орнында болды. Зардап шеккен 60 жастағы әйел Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылды», – деді жедел жәрдем станциясында.
Сол күні Павлодар тас жолындағы апаттан бес адам зардап шекті.