Төбелеске оннан астам адам қатысқан
Алматы облысында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұзақылық Талғар қаласында түнгі сағат екі шамасында бір- біріне аямай жұдырық жұмсап, таяқтаған. Жанжалға Алматы облысы Полиция департаментінің Талғар ауданы ПБ бастығы Рүстем Жарықбасов түсініктеме берді.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293 - бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төбелеске қатысушылар Талғар ауданының полиция бөлімшесіне жеткізілді», - деді Жарықбасов.
Төбелеске оннан астам адам қатысқан.