Емханаларға азаматтарды заңсыз тіркеу бойынша бірқатар дерек анықталды
Астана қаласының прокуратурасы емханаларға азаматтарды заңсыз тіркеу бойынша бірқатар деректі анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Сарыарқа ауданының денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне жүргізілген тексеріспен қала аумағында тұрмайтын азаматтарды, сондай-ақ қайтыс болған адамдарды негізсіз тіркегені анықталды», - делінген прокуратура хабарламасында.
Сондай-ақ ведомство сапалы және уақтылы дәрігерлік көмек көрсету прокуратураның тұрақты бақылауында екенін атап өтті.
Прокурорлар пациенттердің міндетті скринингін (жасы бойынша) және балалардың профилактикалық тексеруден өтпеуі, созылмалы аурулары бар пациенттерге дәрі-дәрмектерді уақтылы жеткізбеу фактілерін анықтады.
«Тексеру нәтижелері бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді. 12,5 мыңнан астам азаматтардың құқықтары қорғалды. Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.