Шымкентте көз жұмған әскери қызметкердің өліміне қатысты жаңа деректер айтылды

Автор: Azattyq Rýhy

Комаға түскен ер адам есін жимастан қайтыс болып кеткен

Фото ашық дереккөзден

Шымкентте дәрігерлер жаттығудан кейін кенеттен көз жұмған әскери қызметшінің өлімінің жай-жапсарын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Otyrar жазуынша, 34 жастағы әскери қызметкер16 маусымда қайтыс болған. Ер адам жаттығудың ертеңінде өзін нашар сезіне бастаған.

«Ұзақ уақытқа созылған физикалық жүктемеден кейін әскери қызметші клиникалық өлім халәне түскен, дәрігерлер оны жансақтау бөліміне жатқызып, барлыө оңалту шарасын жасады, алайда келесі күні ол есін жимастан қайтыс болды. Үшінші дәрежелі комада жатты. Өлім ағза мүшелері жұмысының тоқтап қалуы салдарынан болды», - дейді Шымкент қаласының №1 клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Қуаныш Лекеров.

6506 әскери бөлімінде ер адамның өлімі фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Марқұмның денсаулығына бұрын шағымы болғаны туралы әзірге деректер жоқ дейді әскери бөлім командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ернар Әшірбеков.

Еске салайық, 19 маусымда Шымкент бөлімшесінің әскери қызметкерінің жаттығудан кейін қайтыс болғанын жазған болатынбыз. Одан кейін Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында 15 маусымда 6506 әскери бөлімінің жауынгерлік даярлығының жоспарына сәйкес, ойлы-қырлы жердегі қашықтықты еңсеру бойынша әскери қызметшілермен жүгіру жаттығуы өткенін айтты.