Астанада көлік қағып кеткен 6 жасар қыз көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 16 маусым күні болған

Астанада көлік қағып кеткен 6 жасар қыз көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

16 маусым күні Қордай көшесінде «Нива» көлігі Фатима Давлетярова есімді 6 жасар қызды қағып, үстінен екі рет жүріп өткен.

Марқұмның ағасының айтуынша, полиция осы күнге дейін қылмыстық іс қозғамаған, тіпті жүргізуші де ұсталмаған, деп жазады kriminal_kazakhstan Telegram арнасы.  

«Осы факті бойынша ПД Анықтау басқармасымен ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның шеңберінде бірқатар сот сараптамалары тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданатын болады. Тергеу бақылауда», - деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаментінен.