$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.06.2023, 12:28
Оқиғалар

Павлодарда көлік аударылып, жүргізуші зардап шекті

Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр

Павлодарда көлік аударылып, жүргізуші зардап шекті

Павлодарда көлік аударылып, жүргізуші ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 маусым күні сағат 04:50-де Шөкин көшесінде Mitsubishi Delica маркалы автокөліктің жүргізушісі аударылып қалды. 

«Салдарынан жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Ол жол апаты кезінде көлікте жалғыз болған», – дейді департаментте. 

Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр, сараптама тағайындалды. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында зардап шеккен 40 жастағы ер адам бірінші аурухананың жарақат пунктіне жеткізілгенін хабарлады. Шақыру сағат 4:56-да түскен, жедел жәрдем бригадасы сағат 5:06-да жеткен. Зардап шеккен адамның жағдайы орташа ауыр.

Серіктес жаңалықтары